Ақтөбеде мектеп оқушыларының төбелесінен 15 жастағы бала көз жұмды – новости Казахстана

0
146

Ақтөбе облысында мектеп оқушыларының төбелесінен 15 жастағы бала көз жұмды. Оқиға кеше кешке Шалқар ауданында болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: kabarlar.org

Көрнекі фото: kabarlar.org

Жасөспірімнің кеудесіне өткір зат кіріп кеткен. Төбелес Шалқар қаласындағы №6 жалпы орта білім беру мектебі мен Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектеп оқушыларының арасында болған.

10 сынып оқушылары арасындағы жанжалдан Мирасбек Дәулетияр ауыр жарақат алып, көз жұмды.

«Кеше кешкілік 19:15 шамасындa жеткізілген жасөспірімнің жағдайы өте ауыр болды. Кеуде қуысынан жарақат алып, қан ішіне кетіп қалған. Құтқарып қалу мүмкін болған жоқ. Ол бірден көз жұмды», – дейді Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Еспағамбетов.

Ал мектеп директоры оқиғаға орай күдікке алынған оқушылардың полиция бөлімшесінде екенін айтты.

«Біз бұл хабарды кешкі сағат 20:00 шамасында естідік. Бірден 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарына хабарласып, балаларының үйінде екеніне көз жеткіздік. Кейін аудандық полиция бөлімшесіне бардық. Төбелеске қатысы бар деген оқушылардың ата-аналары әлі ішкі істер бөлімінде жүр», – дейді мектеп директоры Алия Оспанқызы.

Мектеп басшылығы марқұм болған Мирасбек Дәулетияровтың спорттық шаралардан жүлде алып жүрген белсенді оқушы болғанын айтты.