Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқас бас бостандығынан айырылуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде коронавируспен ауыратын науқас байланыста болған адамдар туралы мәліметтерді жасырған. Сондай-ақ, байланыста болғандар вирус жұқтырған болып шықты, солардың біреуі үшін үлкен супермаркет карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

коронавирус

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Нұрсұлу Беркімбаева екі жаңа жағдай туралы айтты.

«Екі емделуші де 2 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған. Науқас бұл фактілерді эпидемиологиялық тексеру барысында жасырған. Материал полиция бөліміне «байланыста болғандарды жасыру» бабы бойынша әкімшілік қамауға алуға немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін», — деді Беркімбаева.

Егер жұқтырған адамдар қайтыс болса, науқас олар туралы мәліметтерді жасырғаны үшін бес-он жылға дейін сотталуы мүмкін.

Науқастардың бірі ағайынды Жұбанов көшесінің бойындағы «Анвар» супермаркетіне жиі барып тұрған, деп жалғастырды ол.

«Бұл мекемені карантинге жабу туралы шешім қабылдануда. Оның барлық қызметкерлері үй карантиніне жабылады. Тек теріс нәтиже алғаннан кейін дүкенді ашу мәселесі қаралады», — деп түсіндірді Беркімбаева.

Байланыстарын жасырған науқас карантинге жабылған «Әйгерім» клиникасында болған, деп қосты ол.

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының 13 жағдайы тіркелді.

Жалпы республика бойынша вирус жұқтырғандар саны 1275-ке жетті, 203 адам вирустан айықты, 15 адам көз жұмды.

stan.kz