Ақтөбеде көлік жуушылар жарысып, апатқа ұшырады

Қысқа сілтеме алу
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам жарақат алды, олардың бірі – кәмелетке толмаған жолаушы
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Ақтөбеде көлік жуу орталығының екі қызметкері бөтен біреулердің Toyota Camry және Hyundai автокөліктерімен жарысқан.
Хобда тас жолында олар бір-бірімен соқтығысып, үшінші ВАЗ автокөлігін қағып кеткен, деп хабарлады «Мой ГОРОД» жергілікті басылымы.
Қостанайда көлік жуу бекетінің жұмысшылары BMW көлігінің күл-талқанын шығарды
Апат салдарынан үш автокөлік қирап, 2 адам ауруханаға түсті. Олардың бірі Hyundai автокөлігін айдап әкеткен жүргізуші болса, екіншісі – «ВАЗ-да» отырған кәмелетке толмаған жолаушы.
Тағы оқыңыз: Алматыда төрт жасөспірім көлік айдап әкетіп, жол апатына ұшырады
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы «Автокөлікті немесе басқа көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша іс қозғалды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
sputniknews.kz