Ақтөбеде кепілге алынған үш адамның екеуі көз жұмды
Ақтөбеде кепілге алынған үш адамның екеуі көз жұмды.
24KZ телеарнасының мәліметінше, кепілде болған адамдардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болған.
Ал үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
«Көпсалалы облыстық ауруханаға оқиға кезінде зардап шеккендер жеткізілді. Қазір ауруханада әйел адам жатыр. Ол басынан қолынан, жарақат алған. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр», — делінген телеарна таратқан мәліметте.
Сондай-ақ дәрігерлер зардап шеккен психологиялық жай-күйі ауыр дағдайда екенін, онымен психологтар жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, 13 қаңтарда кешкі сағат 8-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылып, аудан қоршауға алынған. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
фото: