Ақтөбеде ХҚКО алаяқтық жасаған делдал ұсталды

0

Аталған дерекке қатысты ҚК 190 «Алаяқтық» бабына сәйкес сот алды тергеу басталды.

Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігін жасап беруге көмек беру үшін сыйақы алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне мамандандырылған ХҚКО сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуға арналған емтихандарды тапсыруға және тәжірибелік жүргізу бойынша қызметін ұсынған білгісіз адам жайлы ақпарат түскен», — деп хабарлап отыр полиция қызметкерлері.

Жедел шараларды жүргізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру кезінде одан «А» есімді азаматқа тиесілі жүргізуші куәлігін алуға арналған барлық құжаттың тізімі тәркіленді.

«Ұсталған азамат расыменде 50 мың теңге үшін ешқандай емтихан тапсырмай және тәжірибелік жүргізусіз-ақ жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде бергенін мойындады. Бірақ анығында оның ондай мүмкіндігі болмаған», — деді департаменттегілер.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190 «Алаяқтық» бабына сәйкес сот алды тергеу басталды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz