Ақтөбеде ерікті жастарға коттеджді жинатқан (фото) — новости Казахстана
Ақтөбелік ерікті жастар бұрын басшылық қызметте болған ауқатты отбасының коттеджін жинап берді. Көздің жауын алатындай жалтырап тұрған үйдің баспалдағынан бастап тазартып жатқан жастардың суреттері әлеуметтік желіде пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Көмекке мұқтаж отбасыға келген жастар коттедж тазартатынын білмеген болып шықты.
«Көмек бердік. Бірақ, санамызда «Неге мынадай үйге келдік?» деген ой тұрды. Өзім барғанда «шок» болдым. Бұрын шынымен мұқтаж қарттарға баратынбыз. Бұл жолы ерекше ата-әжеміздің үйіне бардық», — дейді коттеджді көргенде тосырқап қалғандарын жасырмаған жастар.
Шара жастар саясаты басқармасының бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында өткен. Хан сарайындай үйді жинап жүрген жастарды көрген қоғам пікірі екіге айрылды.
«Байлардың мүмкіндігі бар. Ақшаға да жината алады. Жастарды нағыз көмекке мұқтаж отбасыларға апару керек», «Саяжайларда қыс-жазы колонкаларда су тасып жүрген кісілер көп», «Жер астынан шыққандай өмір сүріп жатқан көп балалы отбасылар мен саяжайдағы қарияларды көргенде жүрек ауырады» деп пікір қалдырғандар болды.
Ал шараны ұйымдастырушылар жастардың коттедж жинауға барғанын білмеген болыр шықты.
«Ол кісілердің өздері «Жас Отан» тобына хабарласып көмек сұраған. Баларды жіберуді сұраған. Үлкен кісілерміз, ауырып жүрміз, бізге көмек керек» деген. Жастар ол кісілердің коттеджде тұратынын білмеген. Мынадай коттеджге бірінші рет барып тұрмыз. Үлкен кісілер хабарласқан соң бардық. Біз жыл бойы Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйіне және мұқтаж отбасыларға барамыз»,- дейді облыстық жастар ресурстық ортылығының басшы Ардақ Бекниязова.
Ұйымдастырушылар коттеджде тұратын 80 жастағы еңбек ардагері екенін айтқан.
Ал ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, отбасының жеке кәсібі бар, бұрынғы басшы екені айтылған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар