Ақтөбеде ер адамның әйелді соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды

0

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған бұл көрініске қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті ресми хабар таратты

Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам егде жастағы әйелді соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Instagram желісіндегі zello_atyrau_06 парақшасында жарияланды. Видеода артынан ілесіп келген ер адам екі қолымен әйелдің иегінен шалқалай тартып жерге құлатады да, оң қолымен бетінен ұрады. Бетін көлегейлеген әйел еденнен тұра алмай жатқан сәтте жігіт сыртқа қаша жөнеледі.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған бұл көрініске қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті ресми хабар таратты.

«Аталған факті бойынша күдіктінің жеке басын анықтау және оны қамауға алу бойынша жедел шаралар қабылданды. Бұзақылық әрекет бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.