Ақтөбеде ер адам кездесіп жүрген қызын пышақтап өлтіріп кеткен

0

Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде пышақталған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмған.

Күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, қаскүнем балкон арқылы кіріп, қызды пышақтаған.

Қаза тапқан қыз — эндокринолог-дәрігер, 9 жыл медицина мамандығына оқыған. Ол еңбек демалысында болған.