Ақтөбеде дүкенге нан алуға барған азамат 27 миллион теңгесінен айырылып қалды — новости Казахстана
Ақтөбеде дүкенген нан алуға барған ер азамат үлкен сомадағы ақшасынан айырылып қалды. Ол қомақты қаражатын машинасында қалдырып кеткен деп хабарлайды Актобе Таймс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға 21 желтоқсан күні сағат жеті шамасында «Анвар» атты гипермаркеттің жанында болған. Дүкеннің алдына машинасын қойған ер азамат нан алу үшін сауда орнына кіріп кеткен.
Осыны пайдаланған ұры жасанды кілт көмегімен оның көлігін ашып, 27 миллион теңгені қолды қылған.
Кәсіпкер тәртіп сақшыларына арыз жазды.
Ұрыны құқық қорғау қызметкерлері іздестіруде.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар