Ақтөбеде бойжеткенді зорлаған түнгі клуб күзетшісі небәрі 2,5 жылға қамалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде түнгі клубқа келген бойжеткенді зорлаған сол жердің күзетшісіне сот үкімі шығарылды. Ер азамат небәрі екі жарым жылға түрмеге жабылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Қостанайда ер адам 11 жасар қызды ұрып-соғып, зорламақ болды

Сот отырысы жабық түрде өткен. Іске қатысты құжаттардағы мәліметтерге сәйкес, сотталған азамат бойжеткенде түнгі клубтың ішінен көрген. Кейіннен ол қызды әлеуметтік желіде тауып, оған жазған. Артынша екеуі кездеспекші болып шешіпті. Күзетші жаңа танысын, қараңғы көшелердің біріне алып барып зорлап кеткен. 

«Ер азаматты 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалсын. Сотталушы қауіпсіздігі орташа абақтыға жабылсын», — деп мәлімдеді Ақтөбелік №2 сотының судьясы Алима Әділова. 

Бұған қоса сотталған азамат екі миллион теңгелік материалдық шығын төлеуі тиіс. Сотқа жәбірленуші мен оның жақындары қатыспапты. Ал ер азаматтың адвокаты үкімге қатысты ешнәрсе айтпапты. Айыптаушы тарап кұдіктіні төрт жылға түрмеге қамау туралы шешім шығаруды ұсынған екен. 

 

stan.kz