Ақтөбеде бойжеткен әкесінің бетін тіліп тастады
Ақтөбеде 17 жастағы жасөспірім әкесінің бетін тіліп жіберген.
Оқиға 26 қараша күні болған. Отбасылық жанжалдан кейін қызы әкесінің бетін тіліп тастаған. Оқиға орнына барған полицейлер Спорт және туризм академиясының 17 жасар студентінің туған әкесімен жанжалдасқанын анықтаған. Ер адам Медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жұлдыз Рахметованың айтуынша, жәбірленушінің беті мен қолы жарақаттанған. Оған көмек көрсетіп, үйіне жіберілді. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер қызға қатысты іс қозғамаған.