Ақтөбеде блогер кофеханаға барып, қамауға алынғанын жазды — Қазақстан жаңалықтары

0

Таяуда әлеуметтік желілерде өзінің карантинді бұзғандығы және кофеханаға, коворкингке барып, қала бойынша серуендегені туралы жазба қалдырған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша мамандандырылған әкімшілік сот оны 3 тәулікке қамауға алды.

Жиналған деректерге сәйкес, қыз Ақтөбенің карантиндегі адамдарының тізімінде болмағаны анықталды. Алайда, жыл басында ол коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз Азия елдерінің бірінде болған.

«Осылайша, әйелдің іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық қарастырылған (төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер). Полиция қызметкерлері факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, бүгін әкімшілік соттың шешімі бойынша ол 3 тәулікке қамауға алынды», — дейді ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов. 

Айта кетейік, Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары 33 төтенше жағдай режимін бұзу фактісінің алдын алды.

 

stan.kz