Ақтөбеде бір жыл ішінде 300 келі есірткі тәркіленді

0
107

Ескірткі, психотропты заттарды жарнамалайтын 215 сайт анықталды.

Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылы 300 келі ескірткі заттары тәркіленіп, 200-ден астам есірткіге қатысты заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ескірткі сақтау және тасымалдаумен айналысқан екі топты ұстады. Олар Ақтөбе, Қызылорда облыстарының аумағында жұмыс істеген. Әрі ескірткі сатып, құны 28 миллион теңге болатын жылжымалы, жылжымайтын мүлік сатып алған.

«Өткен жылы ескірткі, психотропты заттарды жарнамалайтын 215 сайт анықталды. ҚР Ақпараттар және коммуникация министріне бұл сайттарды жабуға ұсыныс берілді. Сонымен қатар, қазіргі кезде үйлердің қасбетіне есірткі заттарының жарнамасы жазылып жүр. Құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері интернет порталға кіріп, тексерді. Бізде бұл сайт жұмыс істемейді, яғни, оған кіріп, тапсырыс бере алмайды. Дәл осындай жарнама жазып жүргендер анықталса оларға 10-20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 10-20 тәулікке қамауға алынады», — деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/