Ақтөбеде баланы зорламақ болған қарт: Түрмеден тірі шықпайтын шығармын

0

Азғын осыдан бес ай бұрын алты жасар бүлдіршінді тәттімен алдап, ұятты жеріне қол жүгіртіп жатқанда ұсталған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Ақтөбеде кішкентай қызды зорламақ болған 74 жастағы зейнеткер сотталды.

Қария осыдан бес ай бұрын алты жасар бүлдіршінді тәттімен алдап, ұятты жеріне қол жүгіртіп жатқанда оны көршілері ұстап алған еді.

Куәгер ретінде сотқа қарияның ерсі қылығын көрген көршілері шақыртылды. Олардың сөзінше, қария баланы аймалап отырған, деп хабарлады КТК.

Зейнеткердің өзі судьяға «түрмеден тірі шықпайтын шығармын» деген сөзін айтты. Дегенмен үкіммен екі тарап та келісіп отыр.

Жүз екі жастағы қарияға әйел зорлады деген айып тағылды 

Азғындыққа барған қарт түрмеде маскүнемдіктен еріксіз емделетін болды.

«Сотталушы алты жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтесін. Сонымен қатар он жылға педагогикалық, балаларға қатысы бар мекемелерде қызмет етуге тыйым саламын. Маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалсын», — деп үкімді оқыды Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Қуаныш Мұратов.



sputniknews.kz