Ақтөбеде автобус аударылды: 26 адам ауруханаға түсті

0
16

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Автобус жол қиылысында таксимен соқтығысты, жедел жәрдем бригадасы мен патрульдік полиция жасағы зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде жол апаты салдарынан автобус аударылып, 26 адам ауруханаға жатқызылды.

Апат сенбіде шамамен сағат 9.40-та болған. Жұбанов-Сейітов көшелерінің қиылысында бағдардағы автобус пен такси соқтығысқан. Салдарынан автобус аударылып кетті.

«Автобустың жиырма алты жолаушысы – 19 әйел және жеті ер адам Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», – деп жазды Polisia.kz.

Ақтөбеде автобус пен такси көлігі соқтығысты

Жол апаты фактісі бойынша тергеу басталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін көктайғақ кезінде жолдарда ұқыпты болуға шақырды. Жүргізушілер жылдамдық режимін қатаң сақтап, арақашықтықты ұстауы қажет.



sputniknews.kz