Home Жаңалықтар Ақтөбеде аудит департаментінің шенеунігі сотталды

Ақтөбеде аудит департаментінің шенеунігі сотталды

0
107

Ақтөбе қалалық соты 23 қаңтар күні ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Қалмағамбет Рахметовті төрт жылға соттады. Тергеу шенеунікке «жұмыс орнында 1,5 миллион теңге пара алды» деп айып таққан.

Іс материалдарына қарағанда, Ақтөбедегі облыстық перинаталдық орталық жұмысын Қалмағамбет Рахметов басшылық жасаған департаменттің екі аудиторы тексеріп, 77 миллион теңге қаржылық заң бұзу фактісін анықтаған. Осыдан кейін перинаталдық орталықтың ісі экономикалық сотта қаралып, департамент жеңіліп қалады. Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті апелляциялық алқаға шағым түсірмеуі үшін перинаталдық орталық директоры Асхат Балықов сотталушыға 1,5 миллион теңге «пара берген». Сотталушы Қалмағамбет Рахметов мұны «арандатушылық» деп санайды. Оның адвокаттары 23 қаңтар күнгі сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары болған Қалмағамбет Рахметовтің жасы 61-де. Ол бұл қызметке бір жыл бұрын Алматыдағы департаменттен ауысып келген.

Дереккөз: Азаттық