Ақтөбеде Арыс пен Тараздағы жарылыс қайталануы мүмкін бе? (Видео)

0
216

 Ұйқысын қашырғаны – үйдің тап іргесіндегі қойма. Тұрғындар бұрын жарылғыш заттар сақталған нысанды құзырлы органдар тексеріп берсін деп талап етуде.

Қаланың қасындағы Ақжар елді мекененіне жер телімдері 2012 жылы беріле бастаған. Өзіне тиесілі он сотық жерін алған тұрғындар жаппай үй салған. Бірақ, іргедегі қоршаулы аймақ көптен бері көңілдерін күпті етіпе жүр екен. Нысан туралы ақпаратты аз. Тек ұзынқұлақтан естігендерін айтады.

«Мына «Взрывпромның» ішінде не бар, не жоғын білмейміз. Жаңа айтып жатыр ғой, машинамен кіріп-шығып жатыр деп. Көшіре ме, басқа қыла ма, Үкімет жағы қарайды оны», – дейді ауыл тұрғы Ғани Дәрібаев.

20-ғасырдың 60-жылдары «Взрывпром» деп аталатын мекеменің қоймасы болғанын байырғы тұрғындар да растады. Елді елең-алаң қылып отырғаны  жұмбақ қойманың ішінде сақталатын зат болып тұр. Жарылғыш зат болса, не істейміз деген сұрақ мазалайды.