Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен шенеунік әйел қамауға алынды

0

Тергеу нұсқасы бойынша ақтөбелік әйел тұрғындарды мемлекеттен үй алып беремін деп алдаған

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен тұрғын үй бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекенова қамауға алынды, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Тергеу нұсқасы бойынша, 38 жастағы Дүйсекенова 2015-2018 жылдар аралығында адамдарды мемлекеттен үй алып беремін деп алдап, қомақты ақша иемденген.

«Диапазон» басылымының жазуынша, шенеунік әйел осылайша 40 адамның сеніміне кірген.

Дүйсекенова соттан денсаулығына байланысты қамауға алмауды өтінді. Айтуынша, ол мемлекеттік қызметте 15 жыл істеген екен.

Алайда, сот шешімімен Жанаргүл Дүйсекенова тергеу кезінде қамауға алынатын болды.

Тағы оқыңыз: Бішкекте үш қазақстандық жігіт ұсталды

Айта кетейік, Жанаргүл Дүйсекенова 1980 жылы «Қайнар» университетінде «юриспруденция» мамандығы бойынша білім алған. Әртүрлі жылдары Ақтөбе әкімі аппаратында мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, бас маман қызметтерін атқарды.



sputniknews.kz