Ақтөбеде 7-сынып оқушысы зорланып, жүкті болғаны туралы ақпарат тарады
Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Aktobe Timesпорталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала жұрты Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарата бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.
Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.
«Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын», – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанғанын жаздық. Өңірдің білім беру басқармасы жағдайды растады. Мектеп оқушысын жақын туысы зорлаған. Жасөспірімнің кесар тілігі арқылы босанғаны белгілі болды.