Ақтөбеде 52 өзбек азаматының өліміне айыпталған жүргізушілер сотталып кетті

0

Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот процесі аяқталды. 52 жолаушысы жанып кеткен оқиғаға үкім шыққанда сотталушылар жылап жіберді. Автопарк құрылтайшысы мен механигіне сот залында кісен салынды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сот залынан фото: NUR.KZ

Сот залынан фото: NUR.KZ

Шымкенттегі «Азия транзит» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұрлыбек Телікбаев үш жыл алты айға, автопарк механигі Бахадүр Пердебаев үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылып, сот залынан қамауға алынды.

Сот залынан фото: NUR.KZ

Сот залынан фото: NUR.KZ

Өртенген автобусты жүргізген Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатовтарды бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Жүргізушілер енді жеті жыл бойы көлік басқара алмайды.

Сонымен қатар сотталушыларға жәбірленушілердің әрқайсысының отбасына екі млн теңгеден моральдық шығын өтеу міндеттелді.

Сот залынан фото: NUR.KZ

Сот залынан фото: NUR.KZ

Автобус өртіне қатысты көшпелі сот отырысына Ырғыз аудандық сотының судьясы Серік Махамбетов төрағалық еткен болатын. Жәбірленушілердің туыстары қаза болған әр адам үшін 150 млн теңге сұрап, айыпталушыларды Қазақстандағы ең қатаң жазаны тағайындауды талап еткен еді.

Мемлекеттік айыпталушы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі және Қылмыстық кодекстің 348-бабының 4-бөлігі негізінде жауапқа тартылғандардың кінәсі дәлелденгенін айтып, соттаушыларды бес пен жеті жыл аралығында бас бостандықтарынан айыруды сұраған.

Сот залынан фото: NUR.KZ

Сот залынан фото: NUR.KZ

Сот зерттеуінде белгілі болғандай, автобусқа үш жүргізушіден бөлек 54 өзбек азаматы мінген. Жүргізушілер Шымкенттен салқын аязға шыдамайтын жанармай құяды. Ырғыз ауданының тұсында жанармайы қатып, қозғалтқышы істен шыққан автобус тоқтап қалды.

Жүргізушілер жанармай багын дәнекерлеуші шаммен қыздырған. Олар тергеу кезінде жеке басы анықталмаған әйелден бес литр бензин сатып алғаны анықталды. Жанармайдың 1,5 литрін дәнекерлеу шамына құйып, қалған 3,5 литрлік бензинді алып  жүргізуші Қырғызбаев автобусқа кірген.

Сот залынан фото: NUR.KZ

Сот залынан фото: NUR.KZ

Салон ішіне «поялникпен» аяғын қыздырады. Сол кезде қастарына басқа автобус келіп тоқтайды. Қырғызбаев пен Таңатов дәнекерлеу отын сөндірмей, тоқтаған автобусқа қарай шығып кеткен. Автобустан бірінші шалбары жанып, жолаушы Исақов шығады. Кейін Қырғызбаев пен Таңатов автобусқа жүгіреді. Айтуларынша, құтқаруға үлгермей қалған. Жолаушы Мырзахметов пен жүргізуші Пернебеков жарақат алып, салоннан шығып үлгереді. Жүргізушілер шыңғырған дауыстар тоқтағанға дейін өртті өз еріктерімен сөндірмек болады.

Еске сала кетейік, Өзбекстан азаматтары мінген «Икарус» автобусы 18 қаңтар күні «Самара-Шымкент» бағытының 1069 шақырымында, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұсында өртке оранды. Өртенген автобус ішінен шыға алмаған 52 адам тірідей жанып кетіп, ажал құшқан еді. Ал автобус иесі Ордухан Мехтеев әлі күнге дейін іздеуде жүр.