Ақтөбеде 300-ден аса жазасын өтеуші түрлі салада жұмыс істейді

0

Жұмысқа тартудағы мақсат – сотталушыларды еңбекке баулып, сол арқылы оларды қалыпты өмірге бейімдеу.

Түзету мекемелерінде арнайы кәсіптік білім беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында жазасын өтеушілердің біразы жұмыспен қамтылып, түрлі салада еңбек етіп жүр. Аймақта 800-ге жуық сотталғандардың 300-ден астамы жұмыспен қамтылған. «Еңбек Ақтөбе» мемлекеттік кәсіпорынында 100-ге жуығы жұмыс істейтін болса, қалғандары шаруашылық қызметі мен басқа да салада.

«Қазіргі таңда КА-168/2 мекемесінде 30-ға жуық жазасын өтеуші ағаш ұстасы, электргаз дәнекерлеуші, металл жонушылар мен тігінші мамандықтары бойынша кәсіптік білім алып жатыр. Жұмысқа тартудағы мақсат – сотталушыларды еңбекке баулып, сол арқылы оларды қалыпты өмірге бейімдеу», — дейді Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметкері Нұргүл Жұмағұлова.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz