Ақтөбе жастары Елбасымен бірге!

0

Ақтөбе облысының жастары сарапшылармен бірге Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады.

Атақты қазақстандық саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы пікірлерімен алмасу үшін ақтөбелік жастармен кездесті.

Шығармашылық академиясында өткен кездесуге өңірдегі жоғары және арнайы орта оқу орындарының 400-ден аса белсенді студенттері қатысты. Өңірге арнайы келген «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали, қоғам қайраткері Айдос Сарым, «Қазақстан блогерлерінің альянсы» ҚБ төрағасы Ғалым Байтук мақала ережелерінің орындалуы туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Жиынды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы ең алдымен жастарға бағытталғанын атап өтті.

— Сіздер Елбасының жас ұрпаққа қалай көп көңіл бөлетінін өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Бес әлеуметтік бастама ең бірінші, жастарды қолдауға, яғни білім гранттарын арттыруға және бизнесті шағын несиелеуге, студенттер жатақханасын салуға бағытталған. «Ұлы даланың жеті қыры» да ең алдымен сіздерге арналған. Сіздер өздеріңіздің мақтануға тұрарлық және ұялуға еш негізі жоқ нағыз тарихыңызды білулеріңіз керек,-деді облыс әкімі студенттерге.

Тарихшы ғалым Дархан Қыдырәлі өз сөзінде тамырын жоғалтқан адамның жерде нық тұра алмайтындығын атап өтті.

— Жастық тез өтеді. Сондықтан, негізгі білімді бүгін алуларыңыз керек. Елбасы бағдарламалары сол үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Жерде одан да нық тұру үшін тамырларыңызды танып, жоғалтпаңыздар. Сіздерді бақытты азаматтар деп сенімді айта алам, өйткені Президент жастарға жан жақты даму үшін барлық мүмкіндіктерді беріп отыр. Бұл Ақтөбе мысалында айқын көрінеді — қала жыл сайын дамып келеді. Жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру үшін әдемі мекемелер ашылды. Соның ішінде осы Шығармашылық академиясы да бар,-деді ол.

Өз кезегінде, Ғалым Байтук «Ұлы даланың жеті қыры» — жастарға патриоттық тәрбиені қалыптастыратын адамгершілік негізі екенін атап өтті.

Ғалым Байтук: «Ақтөбе ең қызықты және қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Бүгін мен мұражай, спорт орталықтары, «Анаға тағзым» орталығы сияқты бірнеше жаңа әлеуметтік нысандарды қарап шығып,

Президент мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін мықты қор құрылғанын айта аламын. Сіздер ғасырлар бойы прогрестің қозғалтқышы болған жастар ретінде осы бірегей нысандарды патриотизмге негізделген идеяларыңызбен дамытуға көмектесулеріңіз керек. Патриот болыңыздар – солай ғана сіздер Отан үшін көп нәрсе істей аласыздар, өйткені патриотизм – бұл әрқашан ұмтылыс, қолдау және даму»,-деген сенімде.

Кездесу студенттердің сұрақтарымен аяқталды. Жастарды Қазақстандағы киелі жерлердің әрі қарайғы зерттелуі, БАҚ-тың электронды форматқа көшуі, латын әліпбиін енгізудің қазіргі жағдайы және т.б. қызықтырды.

«Қамшы» сілтейді