Ақтөбе жаңалықтары: орталық базардан өрт шықты

Жалын 1650 шаршы метр аумақты шарпыған
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ақтөбедегі Орталық базардан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
©
Foto : КЧС МВД РК
Ақтөбенің орталық базарындағы өрт
9 мамыр күні түнгі сағат 04.30–да «Айсултан» сауда павильонының төбесінде өрт шыққан. Жалын шарпыған аумақ ұлғая түсіпті.
Сағат 05.52 кезінде өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады. 06.28-де өрт толықтай сөндіріген. 1650 шаршы метр аумақ отқа оранды.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда автобус өртенді: оқиғаның мән-жайы
Өрт сөндіруге Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 127 адам мен 20 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
sputniknews.kz