Ақтөбе тұрғыны пирамидалардың алданған салымшыларынан ақша жинаған — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбе облысының 1986 жылы туған тұрғыны «Голд» ЖШС-нің қаржы пирамидасына салынған ақшаны қайтаруға көмек беремін деп екі адамды алдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

«20 ақпанда 1986 жылы туған ақтөбелік азамат қаржы пирамидаларына салынған ақша қаражатын қайтару мақсатында Ақтөбе тұрғынынан 1,35 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алды. Әйел тек маусымда ғана полицияға жүгінді», — деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сол күні ер адам тағы бір алаяқтық жасаған. Батыс-2 шағын ауданында тұрып, ол «Голд» ЖШС-не салынған ақша қаражатын қайтаруға көмектесемін деп Кеңқияқ ауылының тұрғынынан 200 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алды. Бұл әйел де тек маусымда полицияға жүгінді.

Фактілер бойынша ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

stan.kz