Ақтөбе тұрғыны бостандығын қамаудағыларға сатып жіберді – Қазақстан жаңалықтары

0
32

Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің бостандығын 2 млн теңгеге қамаудағы екі тұтқынға «сатып жіберді», деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі.

ақша

41 жасар ақтөбелік Ғалымжан Х. өзінің танысын түрмеден шығаруға уәде берген. Ол үшін ақша сұраған. Нәтижесінде, тұтқынның анасы оған жалпы көлемі 1,5 млн теңгені құрайтын соманы аударған. Бірақ, Ғалымжан уәдесінде тұрмаған.

Сонымен қатар, ол сүйіктісін колониядан шығарамын деп тағы бір танысын сендірген. Алданған қыз күдіктіге 760 мың теңге аударған, алайда бұл жолы да уәде орындалмаған.

Ғалымжан Х. сотталуы керек еді, бірақ оның өтініші бойынша сот отырысы бірнеше рет кейінге қалдырылған. Күдікті прокуратурамен келісім жасап, жәбірленушімен татуласқысы келген. Алайда, ол сотқа келмей, жасырынды. Полиция күдіктіні үйінен таба алмаған. Ал әйелі оның Орал қаласына кеткенін және телефонын жоғалтып алғанын айтқан.

Нәтижесінде сот күдіктіні тауып, оны қамауға алуға қаулы етті.

stan.kz