Ақтөбе полициясында пара алу дерегі анықталды

0
160

Үш полиция қызметкері 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының лауазымды қызметкерілері пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

– Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментімен Ақтөбе қалалық ПБ Астана аудандық №2 полиция бөлімі жедел қызмет бастығының орынбасары (полиция майоры), аға жедел уәкілі (полиция капитаны) және аталған бөлімнің жедел уәкілінің (полиция аға лейтенанты) пара алу дерегі анықталған, – деді Бастарова.

Олар бір топ адамның алдын ала келісім арқылы ер адамнан оның ұлын қылмыстық жауапкершілікке тарпау үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

14-ақпан күні жедел уәкілдердің бірі кінәсін толық мойындағаны үшін ол үй қамаққа алынды, ал басқа жедел уәкілге қатысты қамауға алу шарасы қолданылмаған.

– Бастықтың орынбасарына қатысты қамауға алу шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Ұлттық бюро өкілдері.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz