Ақтөбе облысының жаңа әкімі тағайындалды

0
108

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ақтөбе облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев 25 ақпанда президенттің жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі болып Оңдасын Оразалин тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ақтөбе облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты. Ол облыс активіне жаңа әкімді таныстырды.

Мамин мәслихат депутаттарына мемлекет басшысының Оңдасын Оразалинның кандидатурасын Ақтөбе облысының әкімі лауазымына ұсыну туралы хатын оқып берді. Депутаттар президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз