Ақтөбе облысының жаңа әкімі тағайындалды

0
96
Advertisement

Бұл қызметке Оңдасын Оразалин жайғасты.

Бүгін, 26-ақпан күні мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының премьер-министрі А. Мамин Ақтөбе облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz primeminister.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

А. Мамин мәслихат депутаттарына Мемлекет басшысының О. Оразалинның кандидатурасын Ақтөбе облысының әкімі лауазымына ұсыну туралы хатын оқып берді. Депутаттар ҚР Президенті ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Президент Жарлығы Ақордада жарияланды.

– Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын, – делінген жарлықты.

Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институтын, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарған, коммерциялық секторда жұмыс істеген. Атап айтсақ, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2017 жылғы наурыздан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып еңбек еткен.

А. Мамин кезектен тыс сессия қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының активімен кездесу өткізді. Премьер-Министр Б. Сапарбаевқа өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Жұмыстың 4 жылында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: жаңа индустриялық жобалар іске асырылды, әлеуметтік салаға үлкен серпін берілді. А.

Мамин Б. Сапарбаевқа жаңа қызметінде табыс тілеп, Елбасының көрсеткен жоғары сенімін абыроймен ақтайтынына сенім білдірді. Еске сала кетейік, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Б. Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылып, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Премьер-Министр жаңа әкімді таныстыру барысында О. Оразалиннің түрлі жауапты басшылық лауазымдарда, соның ішінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. Соңғы жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Ол өңірлік жұмыстың, сондай-ақ әлеуметтік жаңғыру саласының қыр-сырын меңгерген. А. Мамин жаңа әкімге сәттілік тілеп, О. Оразалин облыс активімен бірлесіп, Елбасы алға қойған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз