Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

0

2018 жыл өңірдің ауыл шаруашылығы үшін жаман болған жоқ. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, өңір шаруалары 228,2 млрд теңгеге немесе былтырғыдан 6,2% деңгейден көп өнім өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 17,2 млрд теңге немесе 156,1%  инветиция тартылған.

Суармалы жерлер алаңы 758,4 мың гектарды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 102,4 мың гектарға немесе 15,6%-ға көбірек. 440 мың жерге дәнді дақылдар егілді. Жиналған астықтың жалпы көлемі  514,0 мың тонна, орташа түсім 11,7 ц / га.

Облыста 190 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Олардың ішінде 105-і ет, 64-і сүт, 6-уы дәстүрлі ауыл шаруашылығымен және 15-сі көкөніс шаруашылығымен айналысады.

Былтыр 9,7 млрд теңге субсидия бөлінген болатын. Барлық қаржы институттары мен несие ұйымдарынан 25,3 млрд теңге алынды, бұл 1620 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Мал шаруашылығында мал басының көбейгені байқалады. Ірі қара мал басы саны 9% (464 мың бас), қой-ешкі 2,2% (1109,4 мың бас), шошқа 12,8% (57,4 мың бас), жылқы 14,2% (128,7 мың бас) және түйе  1,1% (17,5 мың бас) өсті. Өткен жылдың ішінде 2 541,5 тонна ет экспортталды, бұл 2017 жылға қарағанда 4,7 есе көп.

Алайда, Бердібек Сапарбаев облыс аудандарының барлығы бірдей жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттамайтындарын атап өтті. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына аталмыш бағытты бақылауға алуға тапсырма берілді.

Дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, бүгінде өңірде 57 сүт, 17 ара өсіретін шаруашылықтар, 58 бөдене, 1 марал өсіретін, 49 қаз және 43 үйрек фермасы бар, 38-і шаруашылық үй қояндарын өсірумен айналысады. Облыста барлығы 263 фермерлік шаруашылық пен шаруа үйлері дәстүрлі емес ауыл шаруашылығымен айналысады. Дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы дақылдарын жинайтын алаң өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. Бірақ, өңір басшысы майлы дақылдарды өсірумен белсендірек айналысуды, ал шаруаларға омарташылық секілді салаға назар аудару керектігін атап өтті.

Бұдан басқа, облыс басшысы өсімдік шаруашылығының жаңа тәсіліне қатысты сұрақтың бұрыннан көтеріліп келе жатқанын еске салды.

«Ресурстарды, соның ішінде табиғи рестурстарды пайдалану керек. Су айдындарында, көлдер мен аңғарларда көкөніс дақылдарын өсіру қажет. Мектептер оқу ғимаратының жанынан өз жылыжайларын салулары керек. Бұл оқушылар үшін жақсы тәжірибе ғана емес, сонымен қатар, өздерін көкөкіс қорымен толықтай қамтуға жақсы мүмкіндік.  Ал Ойыл ауданы «Ойыл тарысының» бұрынғы атағын баяғыда-ақ қалпына келтірулері керек еді»,- деді ол.

Жиынды түйіндеген Бердібек Сапарбав ауыл шаруашылығына цифрландыруды енгізу, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Жиын семинармен жалғасып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті сұрақтар талқыланды. Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік нысандарды жобалау, Жастар жылында Жастар ресурстары орталығының жұмыс жоспарлары туралы баяндамалар тыңдалды.

Дереккөз: http://egemen.kz/