Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысының Экс-әкімі және «Ақтөбе ӘКК» төрағасы Ермек Имантаев жер учаскесін заңсыз сатқаны үшін айыпталды. бСондай-ақ, одан мемлекет кірісіне 199,5 миллион теңге өндіріп алынды.
«Өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны өтеу орны ретінде орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі тағайындалсын», — деп үкімді судья Теміржан Алданов оқыды.
фото: orda.kz