Ақтөбе облысының әкімі мен Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды

0

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қызметтерінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

60 жастағы Ералы Тоғжанов бұл қызметке 2022 жылғы 31 тамызда тағайындалған болатын.

Сондай-ақ Шымкент әкімі де қызметінен кетті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

42 жастағы М. Әйтенов бұл қызметке 2020 жылдың 21 қаңтарында тағайындалған болатын.

Ақпарат, фото: Azattyq-ruhy.kz