Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 өзбекстандық азамат қаза тапты

0

3 сәуірде Самара – Шымкент автожолында орын жол көлік оқиғасы орын алып, сегіз адам қаза тапты.

Полицияның мәліметінше, ЖКО Өзбекстан азаматы басқарған Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alhpard минивенінің қатысуымен Маржанбұлақ кентінің жанында болған.

«Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен оның жеті жолаушысы — Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінде доңғалақ жарылып, жүргізуші көлік құралын басқарудан айырылып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен», – делінген хабарламада.

Фото: polisia.kz