Ақтөбе облысында «зорландым» деген 20 жастағы арудың өзі сотталып кетті

0

Ақтөбе облысында Алға ауданының 20 жастағы тұрғыны өзі туралы жалған айтқаны үшін темір торға қамалды, деп хабарлады Диапазон.

20 жастағы бойжеткен өзінің зорланғанын айтып, полицияға арыз түсірген. Арызында танысының зорланғанын айтып, оны жауапқа тартуды сұраған. Алайда кейін азаматтың оны зорламағаны белгілі болды.

Қасақана жалған ақпарат бергені үшін «жәбірленушінің» үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сот шешімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған келіншек 3 жасар қыз тәрбиелеп отыр, сондықтан сот жазаны 5 жылға кейінге қалдырды.