Ақтөбе облысында жол апатынан төрт Тәжікстан азаматы қаза болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Армян нөмірін таққан Honda жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктегі адамдардың бәрі көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Қостанай тасжолында шетел азаматтары қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 ақпан күні сағат 13.00-де болған.

«Қарабұтақ – Қостанай тасжолында болған апаттан төрт адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, Арменияда тіркеуде тұрған Honda автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Алматы облысының 52 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан», — деп хабарлады облыстық департамент.

Оқи отырыңыз: Көкшетау түбінде жол апатынан үш адам көз жұмды

Апат салдарынан Honda көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы – Тәжікстан азаматтары оқиға орнында қаза болды. Қатты соққыдан жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін сақтап, жол-метеорологиялық жағдайларды ескеру керектігін ескертеді.  



sputniknews.kz