Ақтөбе облысында жоғалған оқушы өлі күйінде табылды
Қысқа сілтеме алу
Іздестіру тобы Алға ауданы Қарақұдық ауылынан төрт шақырым жерден кәмелетке толмаған Анатолий Лебедевтің денесін тапты
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе облысында жоғалған 11 сынып оқушысы Анатолий Лебедев өлі күйінде табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Іздестіру тобы Алға ауданы Қарақұдық ауылынан төрт шақырым жерден кәмелетке толмаған Лебедев Анатолий Андреевичтің денесін тапты. Зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша, ол үсіп қалған. Тиісті сараптамалар белгіленді», — делінген ақпаратта.
©
Photo : пресс-служба департамента полиции Актюбинской области
Анатолий Лебедев
Еске салсақ, оқушы бірінші қаңтарда жоғалып кетті. Полиция мәліметінше, ол сағат 04.30-да таныстарының үйінен шығып, оралмаған. Іздестіру жұмыстарына полиция, төтенше жағдай департаменті, ауыл әкімдігі қызметкерлері, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
sputniknews.kz