Ақтөбе облысында үш бала мен үш ересек адам жол апатынан қайтыс болды

0

7 тамызда Хромтау ауданында алты адам қаза тапты, деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

10.10 шамасында Самара – Шымкент тас жолының 862 шақырымында Toyota Ipsum MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Toyota жүргізушісі мен бес жолаушысы, оның ішінде үш баласы қайтыс болды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар мен ата-аналар футболдан жарысқа басқа облысқа бара жатқае. Бұл ретте іс – шараны өткізу туралы полиция мен білім басқармасына хабарланған жоқ», — деп атап өтті Департаментте.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның аясында аварияның себептері мен мән-жайлары белгіленеді.

❕ Жазылу @informburo.kz