Ақтөбе облысында туберкулез ауруының көрсеткіші 12,1%

0

Спикердің айтуынша, облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен, сумен қамтамасыз ету объектілерімен байланысты инфекциялық аурулар мен тағамнан улану жағдайлары тіркелген жоқ.

«Жыл басынан бері менингококкты инфекцияның  6 жағдайы тіркелді, оның ішінде 4 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Барлық жағдай емделді. Тұмау аурушаңдығы 1,5 есеге, тұрғындар арасында туберкулез аурушаңдығы 12,1%, соның ішінде балалар арасында 39,3% — ға, жасөспірімдер арасында 21,7% — ға төмендеді. Ақтөбе қаласы мен 12 ауданда сауықтыру және иммунитетті көтеру мақсатында тәулік бойы күн тәртібімен қызмет ететін санаторлық топтар жұмыс жасайды. Туберкулез ауруын ерте анықтау және оның алдын алу мақсатында 121 мыңнан астам балаға манту сынамасы қойылды, БЦЖ вакцинациясы 17 мыңнан астам жаңа туған балаға жүргізілді» — деді,  Нұрсұлу Беркімбаева.

Сонымен қатар, 2018 жылы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін мекеме мамандары 3327 азық-түлік өнімдерінің, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың, балалар ойыншықтарының және басқа да халық тұтынатын тауарлардың сынамаларын іріктеп зерттеді, оның ішінде 457 сынама техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді.  Зерттелген 2671 тамақ өнімдерінің 350 сынамасы, негізінен, тауардың таңбалануына, микробиологиялық және физикалық-химиялық көрсеткіштерге байланысты талаптарға сәйкес келмеді. Тамақ өнімдерінен сәйкессіздік бойынша  55%  РФ, Беларусь, Қырғызстан және т.б елдерден анықталды.

Жүргізілген мониторинг бойынша жеке кәсіпкерлерге 115 бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, 700 кг астам тамақ өнімдері, 19 кг балалар ойыншықтары мен тауарлары сатылымнан алынып, жойылды.

«Ерекше тәртіп бойынша 1110 нысан тексерілді, санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 45 млн. теңгеге 1234 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылды, 1 нысанның қызметі тоқтатылды, 389 адам жұмыстан уақытша шеттетілді» — деп, қорытындылады департамент басшысы.

Дереккөз: http://egemen.kz/