Ақтөбе облысында соқырішекке жасалған отадан соң тоғыз жасар бала көз жұмды — новости Казахстана
Ақтөбе облысында соқырішекке жасалған отадан соң тоғыз жасар бала көз жұмды деп хабарлайды «Мой город».
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінде хабарлағандай, мектеп оқушысы анафилактикалық шоктан көз жұмған.
Оқиғадан соң дәрігер-анестезиолог тергеу уақытында наркоз беруден шеттетілген. Ал анестезия мен жан сақтау бөлімі меңгерушісі өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған.
Қазіргі уақытта медициналық мекемеде тексеріс жүргізіліп жатыр.
Ал марқұмның анасы бұл оқиғаның қалай болғанын түсінбегенін айтады. Оның сөзінше, ұлы ауруханаға дер кезінде жеткізілген және дәрігерлер отаның сәтті өткенін айтқан.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz