Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады — Қазақстан жаңалықтары

0

«Шығыс мұнайы және қызмет көрсету» ЖШС-нің басшылығы шетелдік жұмыскерлердің жалақысы көрсетілген түбіртектің әлеуметтік желіге тарап кетуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

чек

Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов аталған жайтқа байланысты ұйым басшылығының түсінік беруін сұрап, ресми сұратылым жіберіпті. 

«Әлеуметтік желіде таралған түбіртекте Ли Мэн және Ши Вэ Нью азаматтарына бір айға төленген ақшалары ғана емес, олардың осы уақытқа дейін ала алмай қалған жалақы мөлшері көрсетілген. Бұл жағдайға қытайлық жұмыскерлердің қазақстандық банктерде есепшотының ашылмауы себеп болған. Аталған қызметкерлер вахтада жұмыс істейді, сондықтан олар өздерімен бірге қомақты сома алып жүруден бас тартып, есепшіге қалдырып отырған. Келісімшарт орнатылған кезден бастап олар өз жалақыларын толығымен алмаған. Бұл жерде қызметкерлердің 12 айлық табыс мөлшері көрсетілген. Олардың бір айлық жалақысы 190-200 мың теңгені құрайды», -деп жауап қатыпты ұйым басшылығы. 

Бұған қоса «Шығыс мұнайы және қызмет көрсету» ЖШС өкілдері ҚР заңнамасына сәйкес қазақстандықтар үшін және шетелдік азаматтар үшін бірдей жалақы төлеу мекемеде қарастырылғаны атап өтілді. 

 

 

stan.kz