Ақтөбе облысында құрылысы аяқталмаған үйдің жер төлесінен ірі көлемдегі есірткі табылды
Тәркіленген заттың нақты құрамын сот-химиялық сараптамасы анықтайтын болады.
Ақтөбе облысында есірткі заттары салынған бірнеше сөмке анықталды, деп хабарлайды, Zakon.kz ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, бұл биылғы жылы тәркіленіп отырған ең ірі көлемдегі есірткі заттары екен.
«Кеше, 30-қаңтар күні Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері мен Полиция департаментінің Есірткі саудасымен күрес басқармасындағы әріптестердің өте сауатты іс-әрекеттерінің арқасында, аталған аймақтағы саяжай қоғамдастықтарының біріндегі құрылысы аяқталмаған үйдің жер төлесінде қытайлық бес сөмкенің жатқандығы анықталды. Тексеріс кезінде тәртіп сақшылары спецификалық иісі бар өсімдік тектес затты тәркіледі. Оның жалпы салмағы 100 келіден асып түсті», — деп хабрлады ведомства өкілдері.
Сөмкелердің иесінің айтуынша, олардың ішінде марихуанна сақталған. Тәркіленген заттың нақты құрамын жүргізіліп жатқан сот-химиялық сараптамасы анықтайтын болады.
Аталған дерек бойынша тергеу шаралары басталды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/