Ақтөбе облысында полицей темекі үшін блок-бекеттен өткізіп тұрған – Қазақстан жаңалықтары

0
0
Advertisement

Ақтөбе облысында полицей блок-бекеттен өткізу үшін пара ретінде темекі алғаны әшкере болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полиция

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлім етті.

«Аталған тұлға ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақтөбе қаласының шыға берісінде орналасқан «№4 Магистраль» блокпостан арнайы рұқсат қағазсыз кедергісіз жүру үшін жеңіл көлік жүргізушісінен құны 10 800 теңге болатын «Парламент» темекісінің екі блогы түрінде пара алған», – дейді агенттіке қарасты 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Бұған қоса ол тәртіп сақшысының өз кінәсін мойындағанына байланысты қамауға алынбағанын атап өтті. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амадары жүріп жатыр. Бұдан басқа ақпаратты тергеу мүддесі үшін жарияланбапты. 

 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз