Ақтөбе облысында өртенген автобустың иесі Ташкентте ұсталды — новости Казахстана
Өзбекстан астанасында 52 өзбекстандық өртеніп кеткен автобустың иесі, Қазақстан азаматы ұсталды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Автобус Қазақстанның 46 жастағы азаматына тиесілі болған. Ол мемлекеттің құқық қорғау органдарына келмей, қашып жүрген. Сондай-ақ, ол Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 348-бабының («Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару») 4-бөлігіне сәйкес айыпталып жатыр», — деп мәлімдеді Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі.
Өзбекстандық құқық қорғаушылардың айтуынша, автобус иесі 20 қарашада ұсталған. Мемлекетаралық іздеуде жүрген автобус иесі жедел-іздестіру шаралары барысында Ташкент қаласының Сіргелі ауданында табылған.
Күдікті экстрадициялау мәселесі шешілгенге дейін Өзбекстан Ішкі істер министрлігі Жаза өтеудің бас басқармасы мекемесінде болады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар