Ақтөбе облысында мектеп оқушысын аяусыз ұрғандардың видеосы тарады

0

Ақтөбе облысында мектеп оқушысын аяусыз ұрып-соғу сәтінің видесы тарады.

Оқиға Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши ауылында болған. Интернетте жарияланған кадрлардан бірнеше оқушы қыздың сыныптасын қалай ұрғаны көрінеді. Қыздардың бірі күреске ұқсас тәсілдерді қолданады: ол жәбірленушіні шашынан сүйреп, басын тізесімен басады. 

https://www.instagram.com/p/CFZ88GPlVru/

Бұл істі Темір аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеп жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, тоғызыншы сыныптың үш оқушысы азғындық әрекеті үшін сыныптасын ұрып-соғып, барлығын ұялы телефонның камерасына түсіріп алған.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар облыстың білім беру мекемелерінде профилактикалық келіссөздер жүргізді », — деп хабарлады Ақтөбе облысының ДП баспасөз қызметі.