Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі әскерилер

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

COVID-19 вирусын жұқтырғандар қатарында полиция өкілдері мен әскери саланың және басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында 29 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Олардың қатарындағы 20 науқас Ұлттық ұлан қызметкерлері деп хабарлайды «Мой город» сайты.

15 мамыр күні Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді.

«Жаңадан диагноз қойылған 29 науқастың 20-сы Ұлттық ұланның мүшелері. Олардың арасында полиция, әскери және басқа да мемлекеттік қызметкерлер бар. Екі науқастың жағдайы ауыр, біреуі өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды», – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев.

Қалиевтің айтуынша, әскери қызметкерлердің сырқаты скрининг тексеріс  нәтижесінде анықталған.

«Әскерилер бір жерде болған. Сондықтан да олар қалаға кірмей бірден ауруханаға жеткізіліп, байланыста болғандар дереу оқшаулады», – деді ол.

Ал анықталған жеті жағдай «Теңізшевройл» ЖШС-нің жұмысшылары, Атырау облысының тұрғындары болса, қалған екеуі бұрын науқастармен байланысқан азаматтар.

Оқи отырыңыз: Ұлттық ұлан жауынгерлері елордада түтіндеген үйден тұрғындарды алып шықты

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 224 адамды құраса, олардың 141-і жазылып шықты.



sputniknews.kz