Ақтөбе облысында көлікті мас күйінде басқарған 172 жүргізуші жауапқа тартылды

0

Бұдан бөлек 1825 жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырған.

Ақтөбе облысында жыл басынан бері көлік құралын мас күйінде басқарған 172 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысы аумағында жол-көлік оқиғасының алдын алу және жүргізушілер арасындағы тәртіпті нығайту мақсатында жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

«Жүргізілген шара барысында 12 мыңнан астам жол қозғалыс ережесінің бұзылғандығы белгілі болды. 172 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғандығы салдарынан көлік басқару құқығынан айырылды»,- деп хабарлап отыр ведомство өкілдеді.

Бұдан бөлек көлік құралын басқару кезінде 80 жүргізушінің қарсы жолаққа шығып жол ережесін бұзғандығы, 1825 жүргізушінің көлікті тізгіндеу кезінде жалдамдықты шамадан тыс асырғандығы, 307 авто жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz