Ақтөбе облысында ер азамат бір отбасыны өрттен аман алып қалды — Қазақстан жаңалықтары
Ақтөбе облысында ер азамат өрт шыққан үйден жеті адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпарат агенттігі.
«23 мамыр сағат 04.26-да Темір ауданы Шұбарқұдық ауылы Жаңақұрылыс көшесі жеке үйдің кіреберісі және шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына сағат 04.27-де Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №16 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан алты адам, екі автокөлік шықты», — делінген ресми хабарламада.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті байқаған көршісі Медет Қалмұханов терезені сындырып, үй ішіне кірген. Ол ұйықтап жатқан жеті адамды, оның ішінде үш бала, бір жүкті әйелді далаға шығарып үлгіріпті. Сөзінше, қайсар азамат сол сәтте бірнеше минутқа кідірмей, бір отбасыны аман алып қалғанына қуанышты.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минут ішінде жетті. 100 шаршы метрден асатын үйдің шатыры мен кіреберістің өртенуі сағат 05.04-те оқшауланып, сағат 05.56-да сөндіріліпті.
stan.kz