Ақтөбе облысында екі басты бұзау туды
Гендік мутация орын алған.
Ақтөбе облысының Ресеймен шакаралас аумағындағы Әйтеке би ауданының Комсомол ауылында екі басты бұзау туды, деп хабарлайды Zakon.kz «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.
Аудандық ветеринарлық бекеттің жетекшісі Ақмарал Бахардинованың айтуынша, гендік мутация орын алған. Сиыр өзінен тараған бұқадан ұрықтанған.
— Үйірде күйік кезіне арналған бұқалар бар. Бірақ мына сиыр үй ауласында шағылысып, туыстық мутация орын алған. Біздің ауданда мұндай жағдай бұған дейін болмап еді, — дейді Ақмарал Бахардинова.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz