Ақтөбе облысында ауыл мектебінің оқушысын өлтірді деген күдікпен үшінші адам ұсталды
Ақтөбе облысында оқушының өліміне байланысты іс бойынша күдіктілер саны артты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазір объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті іс-шаралар кешені жүргізілуде. Уақытша ұстау изоляторына үш кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды», – деді бастықтың орынбасары Ғалым Байжанов.
Ол кінәлілердің әлеуметтік мәртебесі мен туыстық байланыстарына қарамастан, олар жауапқа тартылатынына сендірді. Бұған дейін қайтыс болған оқушының әпкесі марқұмды ұрып-соққан кейбір қатысушылардың мұғалімдердің балалары және құқық қорғау органдарында байланысы бар деп мәлімдеген еді.