Ақтөбе облысында 68 адам карантинге жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның Ақтөбе облысында 68 адам карантинге жабылды, тағы 38 адам үй карантиніне жіберілді, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті.

«Қазіргі уақытта 68 адам жұқпалы, бақылау және уақытша ауруханаларға жатқызылды, барлығы қанағаттанарлық жағдайда. Одан бөлек, 38 адам үй карантинінде», — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев журналистерге арналған брифингте.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде аймақта коронавирустық инфекцияның бірінші жағдайы анықталды.

«Науқас әйел кеше Мәскеуден таңертеңгі рейспен келді. Коронавирустық инфекцияға күдіктенгендіктен оны оқшаулап, инфекция бар екенін анықтадық. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, барлық қажетті медициналық шаралар жүргізілуде», — деді Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, науқас байланысқан адамдар да оқшауланған.

Айта кетейік, кеше коронавирусты жұқтырған адам Ақтөбе облысында анықталған болатын. 

stan.kz