Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбе облысында Шымкенттен Екатеринбургке бағыт алған жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

автобус

Жол апаты 26 ақпанда сағат 20:00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде, Қарабұтақ-Қостанай тас жолында болды. 

Полицейлердің мәліметтері бойынша, жолдың тайғақ учаскесінде автобус кюветке шығып, бүйіріне қарай аударылған.

Автобуста болған 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары. Ал үш жүргізуші — қазақстандықтар.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Патрульдік полиция мен ТЖД күшімен жолаушылар кемпингке жеткізілді.

 

stan.kz